Военная прокуратура Южного региона
Телефон:
574521
Режим работы:
с 09.00 до 18.00
Выходные:
Суббота, Воскресенье
Нашли ошибку или располагаете новыми данными об этой компании? Хотите стать редактором страницы и поддерживать актуальную информацию? Сообщите нам. Обратите внимание, данная страница не является официальным сайтом компании, здесь представлена только контактная информация!
Гость LANG_DATE_AGO #12866
прокуратурасына
Жамбыл облысы Меркі ауданы
Андас батыр ауылы Бірбаев
көшесі №17 үй тұрғыны
Г.Текебаевадан
Арыз
Менің арыз жазу себебім, 2014 жылғы 06 тамыз күні Қазақстан Республикасы тарапынан Қырғызстан Республикасына Сыпатай шекарасы арқылы өтуге ертеңгі сағат 5.30 да барсам адамдар тұр екен содан тура 1 сағат сол жерде кезек күтіп тұрып қалдым, ал 6. 25 те неге тез жібермей сонша ұстап тұрсыздар, біз асығыс едік тез жіберу керек емеспе дедім. Сол кезде қолында төлқұжатқа қоятын мөрі бар ақ көйлекте, бойы ұзын, шашы бұйралау, кейін сұрай келе біреулер оны Данияр деді. Өзім білмеймін өйткені оның кеудесінде аты – жөні жазылған (бейджик) жоқ. Тіркеуде отыратын қызметкер келіп не деп тұрсың тұрасың әлі 2 сағат көтіңді қыста тұр деп дөрекі сөйледі. Мен шыдап тұра алмай не деп тұрсың десем анайы түрде (яғни айтада, жаза да алмаймын намысым жібермейді) мүшемді жемей тыныш тұр деп бетіме қарап, не істейсің бар баратын жеріңе сен кімсің бұл жерде сұрақ қоятын мен бұл жердің құдайымын деп дөрекіленді. Сол кезде қасымда қызым бар еді мен тез арада ұялы телефоныма суретке түсіріп алайын деп едім, ол қашып тығылып қалды. Қасында бейджигі бар Алдасуанов па әлде Алдабергенов деген қызметкер болған, ол ары қарай сен не өзің қайдан шыққан дәусің бұл шекараға келген адамдар бізді тыңдау керек, біз өзіміз білеміз 5 сағат ұстасақта деп маған дөрекі сөйлеп балағаттады. Басшыларың қайда мен жолығуым керек сендердің мына іс – әрекеттеріңе - деп едім кеудесінде аты – жөні жазылған (бейджик) жоқ, біреу келіп мен старшиімін не дейсің сен деп олда дөрекіленді. Содан соң мені тіркеуден өтетін жердегі компьютері бар жерге кіргізді де 3 парақ беріп, ал жаз қайда жазсаңда өзің біл деді, ол сағат 6.25 еді. Жазып алдына берсем қабылдамай қойды. Ләз жоқ сол жерге столға 3 бет арызды қойып кеттім. Егер тіркеген болса маған тіркеу талонын бермейме тіркеп. Жазып болсаң енді бар да ана жердегі кезекке тұр деген соң сіз недеп тұрсыз менің кезегім өтіп кетті, тұрмаймын өтуім керек деп едім сен не бұл жерде өзіңнің шартыңды қоясың жоғал деп кеудемнен итерді. Мен сонда оған сіз мемлекеттік қызметкерге жарасымсыз қылықты жасағаныңыз үшін жауап бересіз деп өттім.
Біріншіден не сонда біздің шекара қызметкерлері қарапайым халықпен қалай жұмыс істеуді білмегеніме? Ар – намыс кодексін, дәреже сатысын түсінбегендігі ме? Лауазымды міндетін оқымай өзіне тиесілі қызметті орындамағаны ма? деген сұрақ туындайды.
Екіншіден халық оның көзіне кім болып көрінген? Менің құқығымды таптайтын, ар-намысыма тиетін сөз айтуға кім жол беріп тұр оған? Ауысымның кезекші басшысымын деген қызметкер кеудесінде аты – жөні жазылған (бейджик) неге тақпайды. Сонда ол өзінің кім екенін жасыру, халықты сыйламау үшін істеген іс – әрекеті ме? деген сұрақ тағы туындап тұр.
Үшіншіден арыз оған сағат 6.25 те жазылды, ол жасырып ешкімге көрсетпеген кешкі сағат 17-де Меркі ауданында орналасқан оңтүстік шекара қызметінің басшысының орынбасарына барып, арыз тастағанымда Сыпатай шекара қызметкерінен арыз түспегендігін айтты. Арыз тіркеу талонын алмағаныма қарамастан Меркі ауданындағы басшының орынбасары да тіркеу туралы талон берген жоқ. Осыны көре тұра маған мынадай ой келді бұлар не арыз шағымды тіркеу ережесін білмегендігі ме? Өздері жай халық не біледі өзіміз шешеміз деп жыртып тастаудан аянбайтынына кім кепіл.
Шекара жабылуына кім жол бергеніне көзімізді жеткізсеңіздер, дәлелдеп берсеңіздер игі үстіне игі болар еді. Сыпатай шекара қызметкерлері шекараға Қазақстан бетіне де, Қырғызстан бетіне де темір есік қойып алған оны олар жауып алып, ойларына келгенін істейді. Шлагбауымда биік ворота тұр, ол не? шекара жабылсын деген қай заңда екенін тағы дәлелдеп беруіңізді өтінемін.
Тор құрып қойған орысша айтқанда валер, ішіне қарапайым халықты кіргізіп, сонда күттіреді, ондай валерге ормандағы жануарларда кірмейді, цирк үйретушілеріде хайуанды кіргізбейді. Мал екеш мал ашық қорада тұрады, неге халықты кіргізіп қойғанын түсінбеймін. Егер жер сілкінісі ме, әлде бір жағдай болса жазықсыз халыққа қиындық тумайма?
Осы жазған арызыма дұрыс жауабын берсеңіз игі үстіне игі болар еді.
Гость LANG_DATE_AGO #26542